Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ерекше күндегі жылы әңгімелесу

Ерекше күндегі жылы әңгімелесу

PDF Баспаға жіберу
03.10.2017 12:19

1 қазан – дүниежүзілік қарттар күні. Дәл осы күн Астана қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері үшін ардагерлердің үйіне кіріп шығуға тағы бір сылтау болды.

Қарашаның 30 күні Астана қаласы ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Бекешев пен  Әйелдер кеңесінің төрағасы А.Баширова бастаған елордалық құтқарушылар мен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері барлық 22 ардагерлеріміздің үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, әл-ауқат пен ұзақ ғұмыр тіледі.  Оларға азық-түліктер мен соғыс ардагерлері мен тыл қызметкерлеріне ақшалай жәрдем берді.

Ардагерлерге қуанышты сезімді сыйлықтар емес, өздеріне деген ынта-ықылас пен құрмет тудырды. Елордалық ТЖД қызметкерлерінің ізгі істеріне шексіз алғыс пен ыстық тілектер жауап қатты.

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы



 
Система Orphus