Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық ТЖ департаменті «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысуда

Елордалық ТЖ департаменті «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысуда

PDF Баспаға жіберу
12.10.2017 12:03

Ағымдағы жылдың 12 және 13 қазаны аралығында «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде. Оқу-жаттығудың түпкі ойына сәйкес, 12 қазан күні сағат 08:00-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің басқармасына Жамбыл облысындағы жел сілкінісінің қаупі туралы дабыл келіп түсті. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан Республикасының аумағында Тараз қаласының шығысына қарай 70 км, Жамбыл облысының Іле Алатау тауларында шамамен 14 км-ді құрайтын  тереңдікте орналасқан.

Оқу-жаттығулар барысында зілзала орнына Астана қаласынан авариялық-құтқару құралымдарыныңәзірлігі бойынша және жолдау іс-шаралары жүргізілді.

Жалпы алғанда, аталған оқу-жаттығулар екі кезеңнен тұрады: 1-кезең – жел сілкінісінің туындау қатері кезіндегі бірінші кезектегі шараларды ұйымдастыру. Функционалдық міндеттерді орындау бойынша АҚМЖ күштері мен басқару органдары іс-қимылдарының жоспарларын нақтылау және 2-кезең – ТЖ аймағына күштер топтамаларын көшіруді ұйымдастыру. Табиғи апат аймағында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау кезінде АҚМЖ бөлімшелерін басқару». Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін Астана қаласының жалпы жедел тобы құрылған. Сап түзеуге жеке құрамның 147 адамы және АҚ қызметтерінің ұйымдары мен кәсіпорындарының 20 бірлік техникасы қамтылды.

Сап түзеу барысында Департамент бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі М.С. Қайсановпен жеке құрамның, құтқару техникасының, жабдықтарының авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға әзірлігі тексерілді.

Байқау бойынша қиратушы жер сілкінісі төтенше жағдайын жою кезінде азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының шұғыл әрекет ете білу дайындығы көрсетілді.

Мұндай оқу-жаттығулар Қазақстанда 3 жылда бір рет өткізіледі. Оның барысында оқу-жаттығу орнына жедел топтардың шығуы, қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің  инженерлік, құтқару және медициналық көмектерді жеткізуі үшін кәсіби құтқарушылар және жоғары оқу орындарының қатарынан эшелондарды құруы пысықталды.

Астана қаласы ТЖД ТЖЖБ



 
Система Orphus