«Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екінші күні

Баспаға жіберу
13.10.2017 19:10

«Жер-2017» РКШО шеңберінде  әуе, автомобильдік және темір жол көлігімен жіберілетін  инженерлік, жүк және арнайы техникаларлы тиеуді пысықтау бойынша, эшелондардың жиыны өткізілді.

Ағымдағы жылдың 13 қазанында сағат 09:00-де Департаменттің БКДҚБ-на ТЖК ДЖБО аға жедел кезекшісінен  «Дауыл -111» - Жамбыл облысының аймағында қиратушы жер сілкінісінің туындағандығы туралы сигнал жіберілді. Жедел штаб Астана қаласының күштері мен құралдарын қалыптастыру мен дайындауды жүзеге асырады.


Қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру үшін, 139 құралым, құрамнан 2224 адам және 422 бірлік құтқару, медициналық, инженерлік және кқосалқы техника қалыптастырылды.

Сағат 10:00-де Департаменттің БКДҚБ-на ТЖК ДЖБО аға жедел кезекшісінен  «Керуен -444» - қиратушы жер сілкіністеріне жедел ден қою жоспарларын енгізу сигналы жіберілді.

Жедел штаб Астана қаласы әкімдігінің Жамбыл облысындағы  қиратушы жер сілкіністерінің салдарын жоюға әрекет ету жоспарын қолданысқа енгізеді.

Осылайша, ағымдағы жылдың 13-қазанында сағат 11:00-де жедел штабпен қаланың азаматтық қорғау қызметтері эшелондарды қалыптастыру үшін (авиациялық, автомобиль және теміржол құрамы) бағытталған.

Әуе көлігінің эшелонын қалыптастыру үшін Елорда әуежайының аумағы , ал темір жол көлігінің эшелонына–ОП-39 разъездінің станциясы жұмылдырылған.

Орындарда жеке құрам, керек-жарақтар, құтқару және инженерлік техниканы  ұшаққа және темір жол платформаларына тиеу жүзеге асырылды, сондай-ақ автомобиль колоннасы қалыптастырылды.

Эшелондарды қалыптастыру бойынша практикалық іс-шараларда барлығы 192 адам, 36 бірлік техника, 5 темір жол платформалары және 1 ұшақ жұмылдырылды.

Астана қаласы  ТЖД ТЖЖБ