Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық құтқарушыларды Астана қаласының аудандық әкімдіктері құттықтады

Елордалық құтқарушыларды Астана қаласының аудандық әкімдіктері құттықтады

PDF Баспаға жіберу
19.10.2017 03:53

Бүгін, «Сарыарқа» және «Алматы» ауданы әкімдерінің аппаратында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Сонымен қатар, «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары Астана қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлерін құттықтауға Департамент ғимаратында өткен жиынға арнайы келді.

«Сарыарқа» ауданының әкімі А. Тұрлыбек, «Есіл» ауданының әкімі Е. Бөлекпаев және «Алматы» ауданының әкімі А. Сәрсембаев «Сарыарқа», «Есіл», «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармаларының қызметкерлерін және өрт сөндірушілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, жанкешті қызметі мен төтенше жағдайларды жою кезіндегі ерлігі үшін шынайы алғысын білдірді.

Ағымдағы жыл ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізумен есте қалды. «Сіздердің міндеттеріңіз ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде ықтимал төтенше жағдайларға уақытылы ден қою, өрт қауіпсіздігін сапалы қамтамасыз етуде болды»- деп, «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары А.Қайыржанов өз сөзінде тоқталып өтті.

«Департаменттің жеке құрамын, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің ардагерлерін кәсіби мерекесі – Құтқарушы күнімен құттықтаймыз! Сіздердің жедел, нақты және үйлесімді әрекет ететіндеріңізге, кәсіби шеберліктеріңіз, білімдеріңіз бен күштеріңіз адамдардың өмірін құтқару игі ісінде қызмет ететіне сенімдімін».

Салтанатты іс-шарада аға өрт сөндіруші-құтқарушы Данияр Мұхамеджановтың ерлігін ерекше атап өтті, ол Бөгенбай батыр даңғылы, 31 бойында орын алған өртті сөндіріп, 2 тұрғынның өмірін құтқарып қалған болатын.

Жиын қорытындысы бойынша аудандық ТЖБ жеке құрамдарына алғыс хат табыстау рәсімі өтті.

Астана қаласы ТЖД



 
Система Orphus