Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Дәрілік заттары» бар жүк вагонында шартты өртті жою

«Дәрілік заттары» бар жүк вагонында шартты өртті жою

PDF Баспаға жіберу
31.10.2017 10:34

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасы «Қазақстан Темір жолы ҰК» АҚ бөлімшелерімен бірге «Дәрілік заттары» бар жүк вагонында өртті сөндіруді ұйымдастыруда практикалық іс-шараларды пысықтау және темір жол көлігімен аса қауіпті жүктерді тасу кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды  жою» тақырыбында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізді.

Оқу-жаттығудың шарты бойынша 10 сағат 01 минутта Іргелес жолдың қозғалмалы құрамына өтіп кетуі мүмкін «Дәрілік заттары» бар жүк вагонында жануды анықтаған жүргізуші радиобайланыс арқылы орын алған төтенше жағдай туралы хабар береді.

10 сағат 12 минутта ТЖ орнына Астана қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ 5-МӨСБ бөлімшесі, құрамында 2 өрт сөндіру машинасы мен жеке құрамның 10 адамы бар, құрамында 5 адамы бар – АСА- 20 авариялық-құтқару автомобилі жауынгерлік есебі келді. Құтқарушылар барлау жүргізіп, шартты өрттің ауданын, оның жану жолдарын анықтағаннан кейін, шартты өртті сөндіруге кірісті.

Оқу-жаттығу барысында, сағат 11.00-де шартты өрт сөндірілді (жанумен бірге). Өртті сөндіру Астана өрт станциясының және Астана қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамымен жүргізілді.

Іс-шараға «Сарыарқа» ауданының әкімдігі, «Қазақстан Темір жолы ҰК» АҚ құралымдары, «Көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ, Астана станциясындағы ІІЖБ, көлік прокуратурасы және тағы басқалар қатысты. Оқу-жаттығуларға 9 бірлік техника, оның ішінде өрт пойызы мен жеке құрамның 77 адамы қатысты.

Оқу-жаттығу барысында шартты өрт толығымен сөндірілді. Жетіспеушіліктер мен кемшіліктер орын алмады.

Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ



 
Система Orphus