Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өрт сөндіру қызметінде құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша сабақ өткізілді

Өрт сөндіру қызметінде құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша сабақ өткізілді

PDF Баспаға жіберу
07.11.2017 12:50

2017 жылдың 06 қарашасында Астана қаласының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-де басшылықтың төрағалық етуімен құжаттандыруды және құжаттаманы басқаруды бірыңғай тәртіпке келтіру мақсатында «ӨС және АҚЖҚ» ММ  аппарат басқармасының қызметкерлерімен, өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары және оның орынбасарларымен, сондай-ақ құжаттандыруға,  құжаттаманы басқаруға және архив істерін жүргізуге жауапты қызметкерлермен сабақ өткізілді.

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы А.А. Септенова Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру және құжаттаманы басқару үлгілік ережелерінің  негізгі талаптарын, Астана қаласының ТЖД бастығының 2017 жылғы 16 ақпандағы №37 бұйрығымен бекітілген Астана қаласының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметін ұйымдастыру регламентін, сондай-ақ іс-қағаздарын жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерін егжей-тегжейлі қарастыра отырып, дәріс оқыды.

Сабақта қызметкерлер құжаттаманы ұйымдастыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерды айтып, қызметкерлер арасында  пікірталас туындап, осы мәселелердің жалпы шешу жолдарын қабылдады.

Астана қаласы ТЖД

«ӨС және АҚЖҚ» ММ

ҚҚБ басшысы А.Септенова



 
Система Orphus