Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Есіл ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері тұрғын секторында аула аралау жұмыстарын жүргізуде

Есіл ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері тұрғын секторында аула аралау жұмыстарын жүргізуде

PDF Баспаға жіберу
08.11.2017 15:04

Ағымдағы жылдың 6-7 қарашасында Есіл ауданының төтенше жағдайлар басқармасының толық құрамдағы қызметкерлерімен жекеменшік жер үйлер секторларын, оның ішінде «Заречный» ТА , «Пригородный» ТА, «Уркер» ТА-да  жорық жүргізілді. Электро-тұрмыстық жабдықтар, газды құралдар мен жабдықтар, тұрғын үйлер мен жер үйлердегі жылыту пештері сияқты тақырыптардағы дауыс зорайтқыш арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында Есіл ауданының қызметкерлерімен хабарландыру көлігі қолданылды.   Бұдан басқа қызметкерлер жанармай құю орындарында жорық жүргізіп, оларға ескертпе жадынама мен «Өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыз» жазуы бар салпыншақтарды тарту етті, сонымен қатар көлік санының өсуіне байланысты автокөліктердегі өрт қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Тек өткен 2017-ші жыл ішінде Есіл ауданы аймағында 99 өрт орын алып , оның ішінде 21 оқиға көліктерде тіркелді. ТЖ мамандары жүргізушілерге қиын жететін жердегі өртке шамасы келетін арнайы көліктердегі өрт сөндіруге арналған 5 литрден кем емес көмірқышқылды жаңа өртсөндіргіштерді алуға кеңес берді.

Дәл осы көмірқышқылды өртсөндіргіш көліктердегі алуан түрлі элементтердің өрттенуіне қарсы оңтайлы шешім болып табылады.

Кезекті жорық өткізуінде халықаралық МИР 24 телеарнысының  тілшілері қызығушылық таңытты, 8-ші қараша күні Есіл ауданының ТЖБ мемлекеттік өрт сөндіруді бақылау бөлімінің бастығы азамматық қорғау подполковнигі Каерлинов Т.Ж. телеарнаға берген сұхбаты бар  бейнесюжет жарық көреді. Өз сұхбатында ол жылыту маусымы жөніндегі көкейкесті мәселелерді көтеріп, автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтаудағы кеңестерді ұсынды. Бұл жорық 558 жекеменшік жер үй тұрғындарын, саяжай қоғамдары мен автокөлік сүйер қауымдарды жаппай қамтып өткізілді. Есіл ауданының ТЖБ қызметкерлерінің айтуы бойынша, автокөліктердегі өрт шығу көп жағдайында  көлік жүргізушілердің өз кесірінен болып табылады. Сондықтанда акция жүргізу барысында елордамыздың тұрғындары мен қонақтарының назарын көліктерде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға аударуға, әсіресе көлік жүргізушілерін өз темір тұлпарлырын ақаулықтар мен өрт сөндіргіштің бар болуына тексертуге шақыруға бар күшті салу қажет.

Астана қ.ТЖД Есіл ауданы ТЖБ



 
Система Orphus