Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты ТЖ департаментінде жедел кеңес өткізілді

ТЖ департаментінде жедел кеңес өткізілді

PDF Баспаға жіберу
10.11.2017 05:58

Ағымдағы жылғы 7 қарашада Астана қ. Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы жанында жедел кеңесте Департаменттің және Астана қ. ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелерінің басшылары қатысуымен азаматтық қорғау бөлімшелерінде 2017 жылғы 9 айдағы тәртіптің, заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жай-күйі туралы шолу қарастырылды.

Кеңес барысында қызметкерлері заңдылық пен тәртіпті бұзуға жол берген бөлімшелердің басшылары жүргізіп жатқан жеке-тәрбие жұмысы, заңдылық пен тәртіпті бұзуға жол бермеуге, жұмыс орнында мас күйінде болуға, есірткі құралдарын және т.с.с. қолдануғажол бермеуге бағытталған алдын-алу  іс-шаралары туралы тыңдалды.


Жедел кеңесті қорытындылай отырып Департамент басшылығы бөлімшелер басшыларына жеке құраммен ЖТЖ күшейту, бөлімшелерде моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, бөлімшелерде қызметтік-әскери тәртіптің жай-күйіне бөлімшелер басшыларының жауапкершіліктерін күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.


Астана қ. ТЖД кадр жұмысы бөлімі


 
Система Orphus