Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты ҚР ІІМ ТЖК КТИ оқуға түсіңіздер

ҚР ІІМ ТЖК КТИ оқуға түсіңіздер

PDF Баспаға жіберу
13.11.2017 09:59

«Құтқару міндеті-мейірбан жандарға лайық» ұранымен бүгінгі күні өз курсанттарын ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты оқытып жатыр.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты, жоғары адамгершілік және іскерлік қасиеттері бар, түрлі сипаттағы экстремалды жағдайдарда шешім қабылдай алатын, азаматтық қорғау органдарында қызмет ету үшін «Өрт қауіпсіздігі»,  «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Азаматтық қорғаныстың әміршіл тактикалық күші» мамандықтары бойынша жоғары білімді білікті офицерлерді даярлайтын, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК жалғыз ведомстволық оқу орны болып табылады.

Институтқа күндізгі оқу түріне 25 жастан аспаған, оқу барысы басталғанға 16 жасқа толған, жалпы орта, бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби), орта кәсіби (ортадан кейінгі) білімі бар, әскери қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды, кіріспе емтихандарын нәтижелі тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті қаланың орта мектеп және колледж түлектерін біздің оқу мекемесіне оқуға түсуге шақырады.  Барлық сұрақтар бойынша Астана қ. ТЖД кадр жұмысы бөліміне 32-01-88 телефоны арқылы, немесе Бейбітшілік көшесі, 22 мекенжайы бойынша жүгінуге болады.

Астана қ. ТЖД

Кадр жұмысы бөлімі


 
Система Orphus