Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтақрушылар волейбол бойынша турнирдің жеңімпазы атанды.

Астаналық құтақрушылар волейбол бойынша турнирдің жеңімпазы атанды.

PDF Баспаға жіберу
23.11.2017 11:57

Ағымдағы жылдың 21-22 қарашасында Қазақстан республикасының Прокуратурасы Күнінің 20 жылдығын мерекелеуге орай «Алау» СК Астана қаласы Прокуратурасының кубогына арналған турнир өтті.

Ұйымдастырылған жарысқа 8 команда: Астана қаласының Прокуратурасы, Астана қаласының ІІД, Астана қаласы МКД ЭТҚ, Астана қаласы ҰҚК, Астана қаласы Әкімдігі, Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Астана қаласының соты және де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті командасы қатысты.

Турнирдің ережесі бойынша команда құрамына тек жұмыс істейтін қызметкерлер, сондай-ақ әр органның басшылық құрамынан бір қызметкер  қатысу қажет. Астаналық ТЖ департаментінің атынан құрама командада бастықтың орынбасары полковник М.Аманбаев қатысты.

Жарыс барысында ТЖД командасы Астана қаласы ІІД, Астана қаласы ҰҚК, Астана қаласының МКД ЭТҚ командалары кездесті.  Ойын барасында 2:0 есебімен барлық командалар Біздің командамыздан жеңіліс тапты. Финалға шығу үшін біздің волейболшылар Астана қаласы сотының құрамысына қарсы шығып, финалға жолдама алды.  Финалда біздің құрама командамыз турнирдің иелері, Астана  қаласы прокуратурасын 2:0 есебімен ұтып, жеңіске жетті.

Жеңіске қол жеткізу үшін тартысты бәсекеде бір де бір жеңілмеген  ТЖ департаментінің командасы турнирдың жеңімпазы атанып, бірінші орынды иеленді.

Турнирдың үздік шабуылшысы атағына «ӨС және АҚЖҚ» ММ 9-ӨСБ өрт сөндірушісі Мұрат Аманжолов ие болды. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар және кубоктармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының құрылған күні кәсіби мерекесімен прокуратура ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілейміз!

Астана қ. ТЖД



 
Система Orphus