Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

PDF Баспаға жіберу
30.11.2017 10:37

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы, елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Ол – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Және мұндай елеулі күн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Ұлт Көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.

Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, Сізге және ұжымыңызға, жақындарыңыз бен туыстарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілеймін.

Құрметпен,

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің

бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б. Дұзақбаев



 
Система Orphus