Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Көп балалы отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы

Көп балалы отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы

PDF Баспаға жіберу
30.11.2017 11:25

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күнін тойлауға байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлер кеңесі мен кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 29 қарашасында көпбалалы отбасыларға қайырымдылық шарасын өткізді.

Бұл күні қызметкерлер Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің көпбалалы қызметкерлері отбасына барып, сыйлықтар табыс етті. Акцияның басты мақсаты - көпбалалы отбасыларға назар аудару және көмек көрсету.

Ардагерлер кеңесі гарнизон қызметкерлерін мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күнімен құттықтайды. Осы салтанатты күні біз барлықтарыңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен игілік тілейміз. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы әрқашан гүлдене берсін.

Астана қ. ТЖД ардагерлер кеңесі



 
Система Orphus