Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Электр беру желілеріндегі аварияны жою бойынша жаттығу

Электр беру желілеріндегі аварияны жою бойынша жаттығу

PDF Баспаға жіберу
11.12.2017 17:10

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Департамент «Астана-АЭК» АҚ бірге №2 қалалық балалар ауруханасының объектісінде электр желілеріндегі аварияны жою бойынша бөлек жаттығу өткізілді.

Жаттығу өткізу кезінде құлақтандыру сызбасына сәйкес диспетчермен авариялық-техникалық буынын және қалалық жедел қызметтерін құлақтандыруы, электр желілері бойынша авариялық-техникалық буынның жедел келу уақыты мен аварияны жоюы, сондай-ақ «Астана АЭК» АҚ жылжымалы дизель электр генераторының жұмысы мен іске қосылуы тексерілді.

Пайда болған жағдайды жоюға оқиға орнына «Астана-АЭК» АҚ және №2 ҚБА 15 адамы, 4 бірлік техникасы және 1 дизель электр генераторы құралымы жұмылдырылды.

Бұндай жаттығулар Астана қаласының жедел әрекет ету жиынтық жасағы құралымдарының төтенше жағдайлар мен аварияларды жоюға дайындығын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Астана қ. ТЖД ТЖЖБ



 
Система Orphus