Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Колледждер мен мектеп оқушыларына КТИ-ға түсу бойынша үгіт-насихат жүмысы

Колледждер мен мектеп оқушыларына КТИ-ға түсу бойынша үгіт-насихат жүмысы

PDF Баспаға жіберу
15.12.2017 04:33

Оқу жылының басынан бері үгіт-насихат жұмыстарының көп бөлігі кәсіптік бағдарлауға, студенттер мен жастар арасында 2017-2018 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының күндізгі бөліміне түсу туралы түсіндіру жұмыстарына бағытталған.

Оның ішінде өрт қауіпсіздігінің профилактикасы бойынша тұрғын үй секторын аралау жұмыстары кезінде жоғары оқу орнын таңдау бойынша кеңес жүргізу болып табылады.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы Көкшетау техникалық институтының өкілі азаматтық қорғау капитаны Қайрат Жұмабекұлы Габдулинмен бірге 9-11 сыныптар және техникалық колледждердің 3-4 курс студенттерімен кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді.

Үгіт-насихат жүргізу барысында оқушылар ақпаратты мұқият тыңдады, содан кейін «Сұрақ-жауап» әдісімен диалог жүргізілді.

Астана қ. ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ



 
Система Orphus