Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтқарушылар «Сақ болыңыздар, пиротехника» іс-шарасын өткізді.

Астаналық құтқарушылар «Сақ болыңыздар, пиротехника» іс-шарасын өткізді.

PDF Баспаға жіберу
22.12.2017 08:18

Жаңа жылдық демалыс күндерінің қарсаңында 2017 жылдың 15 желтоқсанынан бастап  Астана қаласы бойынша «Пиротехника-2017»  жедел-профилактикалық  іс-шара жүргізілуде.

Астана қаласы ТЖД Өрт бақылау саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында «Қазақстан» Спорт сарайы аумағында балаларға пиротехникалық бұйымдарды қолдану, жою талаптарының орындалуы  көрсетілді. Іс-шара шеңберінде викториналар, сыйлықтар және балаларды қарда жүргішпен сырғанату (снегоход), от шашу ұйымдастырылды.


Астана қаласы ТЖ департаментінің испекторлары өз кезектерінде, тауарлардың сақталу, саудалану режелеріне сәйкестігі мен өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударды.  «Қазақстан Салют» ЖШС-нің өкілі В.А.Радченко БАҚ өкілдеріне пиротехникалық бұйымдарды қолданудың шарттары жайында айтып қана қоймай, іс жүзінде көрсетіп те берді.

Жаңажылдық мерекелер қарсаңында сауда сөрелері сан алуан пиротехникаларға толады. Отшашулар, петардалар, зымырандар, жарылатын және атпа «ойыншықтар» әруақытта балалардың назарын өзіңе аудартып, ересектер және бала – шағалармен тез сатып алынады. Пиротехникалық бұйымдарды дұрыс және епсіз пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау өртке, термиялық күйікке ұшыратып, балалар мен жасөспірімдердің осы қызықтардан түрлі жарақаттар алуыңа әкеп соқтырады.

Әрбір пиротехникалық бұйымдарда жану мен жарақат алудың ықтимал қаупі бар.

Астана қаласы ТЖ департаменті ескертеді:

Пиротехникалық бұйымдарды қолданбас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысу керек.

  • Бұйымдарды балаларды қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
  • Пиротехникалық бұйымдарды өте құрғақ, жоғары температуралы немесе ылғалды жерде, тез жанғыш заттар мен сұйықтықтардың жанында, жылыту құрылғыларының жанында сақтауға тыйм салынады.
  • 18 жасқа толмаған балаларға ересектерсіз пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйм салынған.
  • Пиротехникалық бұйымдардың жанында темекі шегуге тыйм салынған.
  • Пиротехникалық бұйымдардың конструкциялық құрылымын қолданар алдында және қолданыстан соң өзгертуге тыйм салынған.
  • Пиротехникалық бұйымдарды ғимаратта жағып, қолда ұстауға тыйм салынған (бенгаль оттары, торттық майшам, хлопушкалардан басқа).

Электротаратқыштың, ағаштардың жанында қолдануға болмайды. Тек белгіленген қауіпсіз радиуста ғана қолдануға болады.

Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus