Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Халықты өрт қауіпсіздігінің шараларына оқыту

Халықты өрт қауіпсіздігінің шараларына оқыту

PDF Баспаға жіберу
25.12.2017 11:35

Өртке қарсы насихаттау жұмысын және халыққа өрт қауіпсіздігі шараларын оқытуды біріктіретін профилактикалық іс-шараларды өткізу өртке қарсы күрестің маңызды бағыты болып табылады.

Бұл ретте өрт қауіпсіздігінің мәдениеті адамда өмір бойы қалыптасуы тиіс. Оған адамның отбасы, мектебі, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар белсене қатысуы қажет.




Қазіргі уақытта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасымен өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді арттыру мақсатында ақпараттық парақшалар арқылы халықты тәрбиелеу бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді, бұл өз кезегінде Департамент кіреберісінде орналасқан өрт сөндірушінің бойлы фигурасында орналасқан.

Бұл үгіт-насихат құралы осы заманға сай болып келуімен халық арасында қызығушылық тудырады.





Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus