Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Таңшолпан тележобасының студияда

Таңшолпан тележобасының студияда

PDF Баспаға жіберу
04.01.2018 10:42

«Қазақстан» телеарнасы «Таңшолпан» тележобасының студиясында Астана қаласы төтенше жағдайлар Департаментінің «Есіл» ауданы төтенше жағдайлар Басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Есен Әлмұханбетұлы Байыров тікелей эфирде көрермендерге жаңажылдық мекерелер қарсаңында елордалық департаментпен жасалып жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Аталмыш тележобада жаңажылдық мерекелерде туындайтын төтенше жағдайлар мен өрттердің себептері мен салдары айтылып, пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалануға ерекше назар аударылды.

Жеке тұрғын секторында үгіт-профилактикалық жұмыс бойынша аралау мен жадынамалар тарату, жеке тұрғын секторлары тұрғындарының назарларын аудару үшін «Есіл» ауданы ТЖБ-ның қызметкерлері тарапынан «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің шаралары», «Пеш қондырғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері», «Өрт кезіндегі іс-қимыл», «Өртті қол астындағы құралдармен сөндіру тәсілдері», «Абайлаңыз, тұншықтырғыш газ», «Абайлаңыз, мұз!» тақырыптарында дауыстап сөйлеу үшін құлақтандыру автокөлігі пайдаланатындығвн айтты.   Аралаудан кейін «Есіл» ауданы ТЖБ-ның қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларымен жағдайлары төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларды аралау өткізетіндері туралы ақпараттандырды.

Мейрамдарды өткізу үшін жауапты тұлғалар өрт немесе басқа да ТЖ туындаған жағдайда іс-қимыл тәртібі туралы қосымша нұсқаулықтан өткізілулері туралы ескертті. Басқа да сақтық ережелерін қарастыру да қажет, себебі, өрт қауіпсіздігінің кез-келген ережелерін бұзушылық ауыр салдар мен қасіретке әкеп соқтыруы мүмкін. Сұхбаттың соңында көрермендердің өзекті сұрақтарына жауап беріп, қаланың тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтап жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарына жол бермеулерін айтты.

«Есіл» ауданының ТЖБ іс-шараларды ұйымдастырушылардан, қоғамдық тамақтану мекемелері, ұйымдары мен нысандарының (мейрамханалар, дәмханалар, барлар), ойын-сауық (түнгі клубтар, дискотека) басшыларынан, тұрғындардан жаңа жылдық іс-шараларды өткізу мезгілінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларын сұрайды. Ғимараттарда, бөлмелерде, мәдени-ойын-сауық мекемелерінде, үйлер мен пәтерлерде өрт қаупсіздігі ережелерін бұлжытпай орындаңыздар.

Астана қ. ТЖД Есіл ауданы ТЖБ


 
Система Orphus