Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Газ баллондары жарылыстарының профилактикасы бойынша аралау жұмыстары

Газ баллондары жарылыстарының профилактикасы бойынша аралау жұмыстары

PDF Баспаға жіберу
17.01.2018 03:48

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері халық арасында өрт қауіпсіздігі саласындағы білімін арттыру, газ баллондары мен жабдықтарының жарылуын  және улану  жағдайларын болдырмау мақсатында газ жабдығын пайдалану ережелері жөнінде жадынама әзірледі.

Газбен улану және газ баллондары жарылуының негізгі себептері:

газ баллондарын және орталық газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезінде бұзушылықтар;

орталық газбен жабдықтау жүйелерін бұзушылықпен орнату;

тұрмыстық газ баллондарының және орталық газбен жабдықтау жүйелерінің бұзылуы;

газ плиталарының дұрыс жұмыс істемеуі

газ баллонын тиісті деңгейде орнатпау

ТЖБ қызметкерлері Алматы ауданының ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесе отырып, Алматы ауданында орналасқан Манас көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Күйші Дина көшесі және т.б. көшелер бойында орналасқан жекешелендірілген жатақханаларда рейд жүргізді. Онда бірқатар пәтерлерде газ баллондары мен газ плиталары қолданылады. Осы рейдтер кезінде осы үйлердің тұрғындарымен дәрістер жүргізіп жадынамалар таратты.

Тұрмыстық газдың ағуы улануды тудырады немесе жарылысқа алып келуі мүмкін. Сондықтан өзіңіздің және қоршаған айналаңыздағы адамдардың өмірін өлімге душар етпеу үшін, газды және тұрмыстық газ жабдықтарын қолдану ережелерін есте сақтаңыз және орындаңыз.

Астана қ. ТЖД Алматы ауданы ТЖБ басқармасы


 
Система Orphus