Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты АНОНС

АНОНС

PDF Баспаға жіберу
18.01.2018 05:11

Крещение Господне православиелік мерекесінің басталу қарсаңында, 18 қаңтар күні сағат 20-00-ден бастап 19 қаңтардың 19-00-ге дейін, Есіл өзенінің 2 алаңында (Үлкен Атлалау және Самал шағын ауданында) шомылу үшін екі мұз ойығы жасалған, мұнда елордалық құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік ететін болады.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ІІМ ТЖК Орталық өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағымен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізеді. Аталған брифинг аясында құтқарушылар-сүңгуіршілер мұз ойығындағы шомылу ережелерімен таныстырады және өзін-өзі ұстау қауіпсіздік ережелерін айқын көрсетіп отырады.


Бұл ретте, Астана қаласының құтқарушылары сақтық шараларын ұмытпай, ойықтарға шомылу кезінде барлық ережелерді сақтауды сұрайды. Барлық қажетті ережелер жайында брифинг барысында біле аласыздар.

Өткізілу күні: 2018 жылдың 18-ші қаңтары, сағат 15-00-де.

Өткізілу орны: «Суда-құтқару қызметі» базасы

Тұран даңғылы 2/1. Суда – құтқару қызметі. (Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Астана саябағы мен Сарыарқа даңғылы бойындағы автомобиль көпірінің арасында)

Қосымша ақпарат үшін байланыс тел.:

55-96-60

8-707-970-45-07 Айгерим, 8747-232-41-02 Раушан


 
Система Orphus