Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтқарушылар Шоқыну шомылуларында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Астаналық құтқарушылар Шоқыну шомылуларында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

PDF Баспаға жіберу
19.01.2018 03:14

16 қаңтар күні христиандық крещение Господня мерекесі қарсаңында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағымен бірлесіп брифинг ұйымдастырды. Жыл санап аталмыш мереке күні суға түсу артып келетінін айтады. Сәйкесінше, биылғы жылы да бұл көрсеткіш артуы мүмкін деген жорамал бар. Құдайға шоқыну –Православтық Шіркеудің ең маңызды меркесінің бірі болып табылады.

Брифингке БАҚ өкілдері шақырылды. Кездесу барысында мамандар журналистер қауымына судағы қауіпсіздік шаралары жайында айтып, барлық ойықтардың жанында құтқарушылар қызмет ететіндіктерін халыққа жеткізді.


Елордалық ТЖД шоқынған суға түсу  келесі топтарға қауіпті екендігін айтады:

  • балаларға;
  • бұл істе тәжірибесі жоқ адамдарға;
  • жас үлкен адамдарға;
  • денсаулығы нашар адамдарға;
  • ішімдік ішкен адамдарға.

Астаналық құтқарушылар: Егерде шоқынға суға түсу рәсіміне қатысатын болсаңыздар қауіпсіздік  шараларын сақтауларыңызды сұрайды; қажет кезде жедел білікті көмек көрсететін арнайы жабдықталған және қорғалатын жерлерде шомылыңыздар.  Бұл үшін Астана қаласының әкімдігімен ағаштан жасалған торлар мен  қауіпсіз құралдармен жабдықталған арнайы ойықтар жасалған


Астана қаласы ТЖД ТЖЖБ


 
Система Orphus