Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық ТЖ департаментінде 2017 жылдың қорытындысы шығарылды

Елордалық ТЖ департаментінде 2017 жылдың қорытындысы шығарылды

PDF Баспаға жіберу
26.01.2018 16:16

Қаңтардың 25-і күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде 2017 жылдың қорытындылары бойынша ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының уақытша міндетін атқарушы полковник Талғат Қайырбекұлы Нұрмағамбетовтың төрағалығымен жиын өтті. Оның барысында өткен жылдың елеулі мәселелері талқыға түсіп, ТЖ алдын-алу мен олардың салдарынан орын алатын адам қазасын болдырмау сынды мәселелер көтерілді.

Кездесуде ҚР ІІМ ТЖК төрағасының уақытша міндетін атқарушы Талғат Қайырбекұлы «ҚР Президентінің халқына Жолдауы» тақырыбында баяндамасын оқыды. Жыл қорытындысы бойынша Астана қаласы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б. Дұзақбаев өз баяндамасын ұсынды. Сондай-ақ «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т.Жұмабаев, басқармалар мен бөлімдердің басшылары баяндамаларын таныстырды.

Бұдан басқа, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін Департаменттің құтқару бөлімшелерімен 5700 шығу іске асырылды, 3 мыңнан аса авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізілді. Департамент бөлімшелерімен 466 адамды құтқарылды, ТЖ аймағынан 1370 адам эвакуацияланды, 152 зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсетілді, 500 млн.-нан астам соманы құрайтын мүлік құтқарылдық. Барлығы 699 өрт оқиғасы орын алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% -ға төмендеген.

Кеңесті қорытындылай келе, ҚР ІІМ ТЖК төрағасының уақытша міндетін атқарушы Т. Нқрмағамбетов Департамент қызметіне оң бағасын беріп, ағымдағы жылға құрылымның қызметін жетілдіру бойыншаміндеттер қойды. Сонымен қатар, ТЖ фактілеріне дереу әрекет ету, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге басты назарда ұстау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Талғат Қайырбекұлы Астана қаласының ТЖ департаментінің барлық бағыттағы қызметін дамытуға тапсырма берді.

 

Астана қаласы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus