Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Базарларда өрт қауіпсіздігінің профилактикасы бойынша нұсқаулықтар жүргізілді

Базарларда өрт қауіпсіздігінің профилактикасы бойынша нұсқаулықтар жүргізілді

PDF Баспаға жіберу
31.01.2018 06:31

Осы апта аралығында Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен Алаш,Ә, Сарыарқа қалалық базарларында өрт- профилактикалық жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық жұмыс барысында базар қызметкерлерімен келушілерге өрт қауіпсіздік шаралары жеткізілді, өрт пайда болу жағдайында қандай нөмірге хабарласуы қажеттігі еске түсірілді. Және де, әр түрлі алғашқы өрт сөндіргіш құралдарын қолдану, жылыту жүйелері мен құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша қосымша нұсқаулықтар жүргізілді.

Теориялық бөлігінің соңында Басқарма қызметкерлері практикалық жағына – шартты өрт ошағын сөндіруге көшті. Алғашқы өрт сөндіргіш құралымен шартты өртті сөндіріп, нұсқаулық алушыларға алған білімдерін тексеруге жағдай берілді. Профилактиканың соңында, базар қызметкерлеріне жадынамалар табысталды.

Бұл профилактикалық іс-шаралар базар қызметкерлерімен сатып алушыларды қарапайым өрт қауіпсіздік шараларына үйрету болып келеді. Ол эвакуациялау ережесі, өрт пайда болған кездегі алғашқы әрекеттер, шартты өртті өрт сөндіргішпен сөндіру арқылы алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдана білу дағдыларына бағытталды.


Астана қ. ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus