Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордада Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Елордада Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

PDF Баспаға жіберу
08.02.2018 06:45

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының жоспарлы отырысы өтті.

Күн тәртібінде 3 сұрақ қарастырылды:

- «Қызметтердің Астана қаласы аумағынан көктемгі тасқын суларды өткізуге дайындығы және су тасқыны кезеңінде су басуға ұшырайтын проблемалық участкелерді қарастыру, сондай-ақ көктем кезіндегі төтенше жағдайлардың қатеріне және туындауына ден қоюға азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру»;

- «Астана қаласының коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілердегі (тұрғын үй қоры) лифттік шаруашылықтың  жай-күйі туралы»;

- «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-шараларға жергілікті бюджеттен және жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда ЖАО резервінен қаражат бөлу туралы».


Бірінші сұрақты қарастыру кезінде қала аумағынан тасқын суларды қауіпсіз өткізу, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмыс режимі, қорғаныс бөгеттерін ұстау және су басу қаупі бар учаскелерде тасқынға қарсы шаралар өткізуге ерекше назар аударылды.

Күн тәртібін қарау нәтижелері бойынша қала қызметтеріне төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Астана қаласы ТЖД ТЖААБ


 
Система Orphus