Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға қойылатын талаптар

PDF Баспаға жіберу
06.02.2018 00:00

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

аумақтық бөліністері

Бос лауазым

Бос орындар саны

Кандидаттарға қойылатын талаптар

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі

жасақ бастығының орынбасары

1

Біліміне қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

100100 Өрт қауіпсіздігі;

103100 Төтенше жағдайларда қорғау;

072900 Құрылыс;

073000 Құрылыс материалдарын, өнімдерін және конструкцияларды өндіру;

071800 Электр энергетикасы;

071700 Жылу энергетикасы;

071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;

073100 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

060300 Механика;

070400 Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;

070800 Мұнай-газ ісі;

070200 Автоматтандыру және басқару;

073200 Көлік, көлік техникасы және технология.

 

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы қажет, аталған категория нақты лауазымның қызметтік бағытына сәйкес саладағы жұмыс өтілі екі жылдан кем болмауы қажет.

Кәсіби мінездемелеріне қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңдарды, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін", Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларының болуы.

Қосымша талаптардың бар-жоғы: Мамандығы және біліктілікті арттыру бойынша әртүрлі курстарды бітіргені туралы сыныптық біліктіліктердің, дипломдардың, сертификаттардың болуы.

Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлердің қатарынан тағайындалады.


 
Система Orphus