Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық спортшылар – өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан чемпионы

Астаналық спортшылар – өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан чемпионы

PDF Баспаға жіберу
21.02.2018 06:47

1 Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Астана қ. ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.О. Дұзақбаев жеңіспен оралған споршыларды құттықтады.

Ағымдағы жылдың 12 және 16 ақпанында Өскеменде ерлер арасындаға өрт сөндіру-құтқару спортынан ҚР  XXVI қысқы чемпионаты, ерлер арасындаға өрт сөндіру-құтқару спортынан ҚР  IV қысқы чемпионаты және жамөспірімдер арасындағы ҚР III қысқы чемпионаты өтті. Жарыстарға 14 облыстың, Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Көкшетау техникалық институтыныңи және Тараз мамандандырылған колледжінің өкілдері қатысты. Астаналық спортшылар өздерінің қаласына құлақтұндыратын жеңіс сыйлады. Екі жарыс күнінің қорытындысы  бойынша Астана қ. ТЖД әйелдер және ерлер құрама командасы жалпыкомандалық бірінші орынға ие болып, Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды.

Біздің спортшылар астаналық гарнизанды абыроймен таныстырды. Ерлер арасындағы оқу мұнарасының төртінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілуде                  161 қатысушының арасынан мықты сегіздікке бес спортшымыз енді: Жасулан Қайсарбеков, Мирас Дүйсеков, Марат Саликов, Николай Буторин және Нұралы Мағау. Финалдық жүгіруде бірінші орынды Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кәсіби даярлық бөлімшесінің нұсқаушысы Жасұлан Қайсарбеков бірінші орынға ие болды. Ол 13,42 секунд нәтижесімен сегізінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Бағдарламаның осы түрінен Жасұлан – рекордшы. Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 16-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұралы Мағау қола медальді жеңіп алды. Екінші қабаттағы терезеге шабыл сатысымен көтерілуде әйелдер арасындағы алтыншы нәтижені Астана қ. № 58  мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы АйнурАлимова иеленді.

Ерлер арасындағы кедергісі бар жүз метрлік жолақтан өтуде Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 16-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Николай Буторин және Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кәсіби даярлық бөлімшесінің аға нұсқаушысы Орал Жылқайдаров қатысты.  Бұл жарыста Николай Буторин чемпион атанды, ол екі сатылы сайыста да үздік атанды.

Ерлер арасындағы кедергісі бар жүз метрлік жолақтан өтуде Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 4-МӨСБ Нүргүл Сулейменова күміс жүлдегер атанды. Үлкен топтағы жасөспірімдер арасында ҚазАТУ студенті Ансар Шамшоллаев чемпион атанды. Екінші орынды № 3 МГ 11-сынып оқушысы Петр Подгородецкий иеленді.

Өрт сөндіру-құтқару спорты – өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын, әртүрлі тәсілдер кешенін орындаудан тұратын, қызметтік-қолданбалы спорт түрі.

Біздің спортшылар жақсы дене дайындығын, лайықты спорт тәртібі мен команданың бірлігін көрсетті. Біздің сортшылар тағы да өз істерінің үздігі екенін дәлелдеді.

1 IMG-20180216-WA0046 IMG-20180219-WA0014

Астана қ. ТЖД

«ӨС және АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus