Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өрт сөндіру қызметінде «Үздік тәлімгер» конкурсы өткізілді

Өрт сөндіру қызметінде «Үздік тәлімгер» конкурсы өткізілді

PDF Баспаға жіберу
26.02.2018 04:21

Азаматтық қорғау органдарының мәртебесін арттыру, тәлімгерлік саласында үздік кәсіби білімдер мен дағдыларға ие қызметкерлерді анықтау және көтермелеу, озық тәжірибелермен алмасу мақсатында ағымдағы жылғы 21 ақпанда Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ «Үздік тәлімгер» конкурсының 1 кезеңі өткізілді.

Ережеге сәйкес конкурсқа қатысушылар қолданбалы өрт сөндіру құтқару спорты бойынша жарысты, тәлімгерлер кіші тәлімгерлердің (подшефный) жеке – профилактикалық жұмыстарының қорытындыларын растайтын материалдарды ұсынды және «Жас қызметкерлердің кәсіби дағдыларды меңгеру процесі» тақырыбына сөз сөйледі. Конкурста әртүрлі бөлімшелерден 12 жас қызметкер қатысты.

Конкурстық комиссияның шешімімен іріктеуден 1-орынды Астана қ. ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 10-ӨСБ өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-маманы азаматтық қорғау аға сержанты Н.Т.Ошақбаев иеленді. Сондай-ақ, конкурстық комиссияның шешімімен іріктеуден 2-орынды Астана қ. ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 8-ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Б.Е. Жупанов иеленді және іріктеуден 3-орынды 14-ӨСБ «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» өрт сөндіру бекетінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау майоры Б.Б.Исин, 9-ӨСБ «Қараөткел» өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Ж.М.Кадырбеков иеленді.

Екінші кезең (қорытынды бөлім) Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде өтетін болады және «Жылдың Үздік тәлімгері» конкурсының екінші кезеңінің (қорытынды бөлімнің) жеңімпазы туралы шешім қабылданатын болады.




Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»

ММ кадр жұмысы бөлімі


 
Система Orphus