Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құтқарушы мамандығы балалардың көзқарасымен

Құтқарушы мамандығы балалардың көзқарасымен

PDF Баспаға жіберу
02.03.2018 13:13

 1-наурыз – Халықаралық азаматтық қорғау күні. Мерекеге орай Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 12-ӨСБ № 83 мектеп-гимназиясының оқушыларымен іс-шара өткізді.Азаматтық қорғау органдары жұмысының имиджін көтеру мақсатында балалар үшін өрт сөндіруші мен құтқарушылар мұражайында және № 2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде экскурсия жүргізілді, жеке құрам өз тарапынан  жауынгерлік киімдерін көрсетті.

Осындай кездесулер өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті өмірлерімен, олардың абыройлы кәсіптерімен жақын танусыға мүмкіндік береді. Мұражай меңгерушісі Құралай Тұяққызы Камелова Қазақстан Республикасыының өрт сөндіру қызметінің құрылуы мен тарихымен таныстырып өтті.


Балаларға қызметтік паразын өтеу жолында қаза болған, біздің заманымыздың батырлары туралы қысқаметражді фильм көрсетілді.

Балалар мұражай көріністерінен үлкен әсер алды. Олар мұражай басшыларына және № 12 МӨС бөлімінің қызметкерлеріне шексіз алғыстарын білдірді.



Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 12-ӨСБ


 
Система Orphus