Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
06.03.2018 06:43

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті  «Қазгидромет» РММ мәліметі бойынша  6 наурызда Астана қаласында ауа-райы температурасының төмендеуіне байланысты күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтілетінін хабарлайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады желдің күші 9-14 м/с, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жел күтілуде, түнде ауа температурасы 4-6 С аяз, күндіз -3-5 С жылы болады.

Осыған байланысты құтқарушылар күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады:

- мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- желдің күшеюі кезінде ғимараттан шықпауға тырысыңыз;

- балаларды ерекше бақылауға алыңыз және қараусыз қалдырмаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз. Егер қатты желде Сіз көшеде қалып қойсаңыз, ғимараттардың кіреберісін  және жер асты өтпе жолын паналаңыз;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз.

- балконыңызға тексеру жүргізіңіз. Балкон қабырғасына жіппен байлау арқылы барлық жеңіл және көлемді заттарды бекітіңіз немесе бөлмеңізге кіргізіңіз. Әйнекті барынша сынудан қорғаңыз және терезе жақтауларын бекітіңіз;

- -жылыту пештері мен тұрмыстық жылыту құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Астана қ. ТЖД