Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара!

Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара!

PDF Баспаға жіберу
07.03.2018 12:59

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 7 наурыз күні аруларды құттықтап, мерекелік концерт ұйымдастырды.Астана қаласы ТЖД қызметінде қызмет атқарып жүрген нәзік жандылар аз емес. Салтанатты жиналыста Астана қаласы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.О. Дұзақбаев нәзік жандыларды құттықтап, қызметте ерекше көзге түскен аруларға алғыс хат табыс етті.

Құттықтау сөзінде ТЖД бастығы Б.О. Дұзақбаев Мемлекет басшысының ана мен баланы қорғау мәселелеріне, отбасы және неке институтын нығайтуға көп көңіл бөлетінін ескерді. Сондақ-ақ елбасымыз Н. Назарбаевтың әйелдер қауымының позитивті имиджін қалыптастырып, рухани құндылықты дамыту мен жаңғыртуға аса назар аударатынын атап өтті.
Салтанатты іс-шара елордалық әртістер мен музыканттардың қатысуымен болған мерекелік концертпен аяқталды.

2 3 4 5 6 7 8 9 10 11222 333


Астана қ. ТЖД

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus