Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Сырымбетов к., 30 үй мекенжайы бойынша болған өрт туралы жаңартылған ақпарат

Сырымбетов к., 30 үй мекенжайы бойынша болған өрт туралы жаңартылған ақпарат

PDF Баспаға жіберу
13.03.2018 10:52

Ағымдағы жылдың 13 наурызда 11 сағат 30 минутта «101» пультіне Сырымбетов көшесі, 30 үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.

Астана қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері өрт шыққан жерге келгенде үш қабатты коттедждің өртеніп жатқаны анықталды, 2 және 3 қабаттарын өрт толығымен жаулап алған.

Котедждің бірінші қабаты ТҚС болып жабдықталған, екінші қабаты – қосалқы бөлімше, үшінші қабаты – тұрғын. Кейін өрт шатыр арқылы екінші жақын тұрған ғимаратқа жайылды. Екі ғимараттың өрт алу ауданы 300 шаршы метрге жетті. Өрт шығу салдарынан ТҚС ішінде тұрған Nissan Patrol марка автокөлігі жанып кетті.

12 сағат 29 минутта өрт ошақтары оқшаланып, 12 сағат 47 минутта өрт жойылды. Барлығы өрт болған жерге жеке құрамның 31 адамы және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта зардап шеккен 1994 жылы туған қыз бар, ол оң жақ төменгі жіліншік сынығымен № 1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Өрт талқылау барысында бір әйелдің және баланың мәйіті табылды. Өрт шығу салдары анықталып жатыр.

Өрт шығу салдарын болдырмау мақсатында Астана қ. ТЖ департаменті келсіні ұсынады:

-         электр сымдарын және электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет;

-         ток айыратын қабы жоқ электр құралдарын және электр жабдықтарын қолданбау керек;

-         қолдан жасалған электр жылытқыштарын қолдануға жол бермеу, электр жылытқыштарын қараусыз қалдырмау қажет;

Астана қ. ТЖД ақпарат қызметі


 
Система Orphus