Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті аттестаттау комиссиясы отырысын өткізу туралы хабарландыру

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті аттестаттау комиссиясы отырысын өткізу туралы хабарландыру

PDF Баспаға жіберу
13.03.2018 00:00

«Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі (010000, Астана қаласы, Бейбітшілик көшесі, 22 3 қабат, 315 каб., анықтама үшін телефондар 8 (7172) 32-73-48, факс 8 (7172) 32-01-88), Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ) 2018 жылғы 20 наурызда 15 сағат 00 минутта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Шағын дағдарыс орталығында аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу туралы хабарлайды.

Аттестаттау комиссиясы жұмысының айқындығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде аттестаттау комиссиясы отырысына Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатыса алады.

Қызметкер Аттестаттау комиссияның шешіміне бір ай мерзімінде құқық қорғау органының, құқық қорғау органы білім беру ұйымының және құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің басшысына немесе уәкілетті басшысына сот тәртібімен шағымдана алады.


Әңгімелесуге жіберілген, аттестатталған қызметкерлер тізімі.

1. «Сарыарқа» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Максим Николаевич Тесля;

2. «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Арман Рымбекұлы Сабиров;

3. «Сарыарқа» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Асылхан Серікұлы Қуанышев;

4. «Сарыарқа» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Мақсат Амангелдіұлы Басболатов;

5. «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Руслан Сайлаубайұлы Жанайдаров.


 
Система Orphus