Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық ТЖД қызметкерлерінің дөңгелек үстелге қатысуы

Елордалық ТЖД қызметкерлерінің дөңгелек үстелге қатысуы

PDF Баспаға жіберу
04.04.2018 08:17

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Астана қаласы Әділет департаменті ғимаратында «Террористік қауіп-қатерлер туындаған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеттері, сондай-ақ терроризм актісі салдарынан болған техногендік сипаттағы қауіп-қатер салдарын жою бойынша  ары қарайғы іс-әрекеттері» және «Қазақстан Республикасындағы діннің проблемалық аспектілері» мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді, дөңгелек үстелге елордалық Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, Ішкі істер департаменті, Дін істері басқармасының қызметкерлері және Нұр-Астана мешітінің наиб-имамы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Астана қаласы ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің қызметкерлері жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған өрт және ғимараттардың қирауы кезіндегі техногендік сипаттағы салдарды жою бойынша негізгі ережелерді, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде объектіге келушілер мен қызметшілерді эвакуациялау ережесін түсіндірді.


Астана қаласы ТЖД ТЖЖБ



 
Система Orphus