Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мектептердегі сабақтар

Су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мектептердегі сабақтар

PDF Баспаға жіберу
06.04.2018 03:15

Астана қаласы ТЖ департаменті көктем мезгілі басталысымен қала тұрғындары арасында "Жұқа мұз" және "Су тасқыны" тақырыбында  үгіт-насихат жұмысын күшейтеді. Департамент қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 3 сәуірінде қала мектептері  арасында су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері мен сақтану шаралары туралы ақпарат беру бойынша көшпелі дәрістік сабақтар жүргізуді бастады.

Осылайша, Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Б.Абдрасыл және бас маман Ш. Молдағанапов  «№1 мектеп-лицейі" ММ-де 84-тен астам оқушыны қамти отырып бірінші көшпелі сабақты жүргізді. Сабақ барысында жұқа мұз су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары мен негізгі ережелері туралы айтылды, сондай-ақ оқушыларға осы тақырып бойынша ақпараттық жаднамалар мен кітапшалар таратылды.



Астана қаласы ТЖД ТЖЖБ


 
Система Orphus