Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Оқу мекемелері басшыларымен кездесу

Оқу мекемелері басшыларымен кездесу

PDF Баспаға жіберу
09.04.2018 07:31

Ағымдағы жылдың 30 наурызында Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімі қаланың білім басқармасымен бірлесіп № 40 орта мектебінің ғимаратында оқу мекемелерінің басшыларымен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды.

Кеңес аясында Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Э.А.Раимбеков жұқа мұз, шомылу маусымы, террористік актінің қаупі, су тасқыны және қысқы кезеңдегі қауіпсіздік шаралары туралы, сондай-ақ «Жас құтқарушы» үйірмесін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстары туралы түсіндірді.Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды. Кеңеске барлығы 200-ден астам жоғары оқу орындары, гимназия және мектеп өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, өрт автоматикасы мәселелерімен айналысатын мекеменің өкілдері аталған бағыттағы жұмысты ұйымдастыру жайын түсіндірді.

Астана қ.ТЖД ТЖЖБ


 
Система Orphus