Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Хан Шатырдағы өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

Хан Шатырдағы өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

PDF Баспаға жіберу
13.04.2018 12:48

Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері «Хан шатыр» СОО аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары жүргізілді.Оқу-жаттығу барысында шартты өрт шығуын жою және адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауын қамтамасыз ету бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің қызмет көрсету персоналдарымен өзара іс-қимыл жасауына жөндеу жүргізілетін болады. Объектін жалпы ауданы – 126 000 ш.м.

Осылайша, оқу-жаттығудың болжамына сәйкес 4 қабатта орналасқан «Chaplin» кинотеатрының №2 кинозалында электр сымдарының тұйықталуы салдарынан жиһаздардың жануы орны алды, қатарлас орналасқан №1,3 кинозалдарына өрт жайылу қаупі төнді. Ғимаратта, орталықтың жоғары қабаттарында қатты түтіндеу басталды. Өрт дабылы іске қосылды, қызмет көрсету персоналы өрттің шығуын байқап қалып, өртке қарсы қызметіне хабарлайды. Электр желілерін өшіріп, объекті әкімшілігі мен күзет қызметі ғимараттан адамдарды эвакуациялауды бастайды. Барлық эвакуациялық есіктерді ашып, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өз күштерімен өртті сөндіруге кіріседі.


«Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы» өрт байланысы орталық пунктісіне  хабар келіп түскен сәттен оқиға орнына үшінші шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімдері, жедел әрекет жасау қызметтері (АОМ, ОААЖҚО, ІІД, 103, АЭЕЖК ) жіберіледі.

Оқиға орнына келіп жеткенде, жанғыш материалдар арқылы өрт қатарлас тұрған №1,3 кинозалдарына жайылды. Жедел түрде әскери күшейтілім, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары басталады. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылады. Бөлімше зардап шеккендерді құтқару үшін іздеу және эвакуациялау жұмыстарын тоқтатпайды. Улы газбен уланған және электр тоғы әсерінен зардап шеккендерге тез арада көмек көрсетілді, зардап шеккендер жақын арадағы медициналық мекемеге тасымалданды. Өрт ауыздықталды, өрттің таралу қаупі жоқ. Өрт аумағы S=140 шаршы метрді құрады.

Оқу-жаттығуға 11 бірлік техника және жеке құрамның 54 жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – адамдарды қауіпсіз жерлерге көшіру әдіс-тәсілдерін қолдану, адамдар көп жиналатын ғимараттардағы өртті сөндіру.

Астана қаласы  ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ