Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Керуен» СОО-да өрт-тактикалық оқу-жаттығуын жүргізілді

«Керуен» СОО-да өрт-тактикалық оқу-жаттығуын жүргізілді

PDF Баспаға жіберу
18.04.2018 11:51

18 сәуірде Астана қ. ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Достық көшесі, 9 мекенжайында орналасқан «Керуен» СОО-да  өрт-тактикалық оқу-жаттығуын жүргізілді. Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес 3-қабаттағы «Babylon» балаларға арналған ойын-сауық секцияларында электр сымдарының тұйықталуы салдарынан жану орын алды, өрт жоғарғы 4-ші қабатта орналасқан №5 кинозалына жайыла бастады.

Қызмет көрсету персоналы автоматты өрт дабылы іске қосылғаннан кейін «101» өрт байланысының орталық пунктіне хабарлайды және ғимараттан адамдарды эвакуациялауды бастайды. Барлық эвакуациялық есіктерді ашып, өз күштерімен алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып өртті сөндіруге кіріседі.


Оқиға орнына  жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері, жедел әрекет жасау қызметтері (АОМ, ОААЖҚО, ІІД, 103, АЭЕЖК ) жіберіледі. Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері жай-күйді жедел бағалап, шешуші бағыттарды анықтайды және жедел түрде әскери күшейтілім, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын бастайды. Газ-түтіннен қорғау қызметі топ құрамында барлауды, құтқару үшін зардап шегушілерді іздестіруді және адамдарды эвакуациялау жұмыстарын тоқтатпастан жалғастырады. Өрт ауыздықталды, өрттің таралу қаупі жоқ.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – адамдарды қауіпсіз жерлерге көшірудің әдіс-тәсілдерін қолдану, пысықтау және адамдар көп жиналатын ғимараттарда құтқару жұмыстарын жүргізу.


Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі



 
Система Orphus