Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық құтқарушылардың кезекті жеңісі

Елордалық құтқарушылардың кезекті жеңісі

PDF Баспаға жіберу
24.04.2018 17:10

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Астана қаласының Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада шеңберінде  Президенттік көпсайыс және қол күресі бойынша жарыс өтті. Жарысқа 7 команда, оның ішінде  Астана қаласы ТЖД құрама командасы қатысты. Президенттік көпсайыс жарысы нәтижесінде 60 м, 500 м жүгіру, граната лақтыру, әйелдердің шалқалап жатып кеудені көтеруі және ер адамдардың тартылуынан жалпы командалық жоғары ұпай санымен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨСжАҚЖҚ» ММ-ның құрама командасы жүлделі I орынды қанжығасына байлады.

Әйелдер арасындағы жеке біріншілікте 40 жасқа дейінгі жас санаты бойынша І орынды Кәсіби дайындық бөлімінің аға нұсқаушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты Гептина Елена иеленсе, ал жүлделі ІІІ орынды ӨСБОП диспетчері азаматтық қорғау старшинасы Палевич Виктория иеленді. 40 жастан кейінгі жас санаты бойынша жүлделі І орынға Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы азаматтық қорғау майоры Шаншарбекова Сәуле ие болды.


40 жасқа дейінгі ерлер арасында ІІ орынды №9-ӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Тілеужанов Сержан, ІІІ орынды №2-МӨСБ аға өрт сөндіруші құтқарушы азаматтық қорғау сержанты Дубаев Арнар иеленді. 40 жастан кейінгі жас санаты бойынша ІІ орынды №9-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау майоры Бегимов Бейбіт иеленді.

Қол күресі жарысында құрама команда ІІ орынға ие болды. 60 кг дейінгі салмақ санатындағы жеке біріншілікте ІІ орынды №11-ӨСБ аға өрт сөндірушісі кіші сержант Нұрланов Данияр, 80 кг дейінгі салмақ санатында ІІ орынды №3-МӨСБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Волобаев Михаил иеленді. Ал 80 кг жоғары санат бойынша II орынға Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №1-ӨСБ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау прапорщигі Мазур Сергей ие болды.

Елордалық өрт сөндірушілер тағы бір мәрте өз шеберліктерін, күш-жігерлерін көрсетті, өздерінің үздік спортшы екендіктерін дәлелдеді. Жеңімпаздарымызға болашақта жаңа жеңістер мен сәттіліктер тілдейміз!

Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus