Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Жас қызметкерлердің және тәлімгерлердің слеті

Жас қызметкерлердің және тәлімгерлердің слеті

PDF Баспаға жіберу
28.04.2018 11:59

Ағымдағы жылдың 26 сәуірде Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 16-МӨСБ мәжіліс залында дөңгелек үстел форматында азаматтық қорғау органдарының жас қызметкерлерімен және  олардың тәлімгерлерімен слеті өткізілді, оның негізгі мақсаты қызметкерлерде  кәсіби мақтанышын тәрбиелеу,  қазақстандандық отансүйгіштікті қалыптастыру, таңдап алған кәсібіне жауапкершілік сезімін арттыру болып табылады.

Слетте Астана қ. ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қ.А.Амангельдинов, азаматтық қорғау органдарының ардагері Ә.К.Бекишев, ММ тәлімгерлер кеңесінің мүшелері, 13 тәлімгер және әртүрлі өрт сөндіру бөлімшелердің жас қызметкерлерлері қатысты.

Слетті ашқан Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т.М. Жұмабаев: «Бүгінгі кештің басты мақсаты – қолайлы моралды-псиологиялық климатты, имиджді, сондай-ақ, патриоттық және адамгершілік тәрбиені аттыру. Жас қызметкерлер слетін ұйымдастырып, АҚО қызметіне ерікті түрде келген жастар аға буынның даңқты жауынгерлік дәстүрлерін абыройлы алып жүретіне, қызметтегі сынақтарды арнамыспен көтере алатына, қызметтік міндеттерді биік дәрежеде атқаратына сенімдімін» деп сөз алды.

«ӨС және АҚЖҚ» ММ психологы А.У.Мукушева жас қызметкерлердің тәлімгерлермен өзара қарым-қатынастары, ұжымдағы климатты жақсартуға ықпал ететін өзара қарым-қатынасты қалыптастыру аспектілері туралы баяндады. Сондай-ақ, Астана қ. ТЖД Есіл ауданы ТЖБ МӨБ бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Д.Б.Өміржан бейне роликті көрсете отрыа «Азаматтық қорғау органдары қызметінің болашағы» тақырыбында баяндама оқыды.

Жас қызметкерлер алдында азаматтық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлері сөз сөйледі және өздерінің кәсіби тәжірибелерімен азаматтық қорғау органдырың ардагерлері бөлісті. Олар өздерінің жас әріптестеріне мықты денсаулық, табыстар және жауапты іс-қимылдар тіледі. Сондай-ақ, жас қызметкерлер атынан 2-МӨСБ жүргізуші-қызметкері Е.Ұ. Тұрғанбай таңдап алған кәсібінің әсерімен бөлісіп сөз сөйледі. Слеттің соңында Астана қ. ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы  Қ.А.Амангельдинов жиналғандардың алдында қызметке келген жас қызметкерлерден үміт күтетінін, алдындағыларының әскери және жауынгерлік дәстүрлерін абыройлы жалғастыратындарына сенімді екендігін айтты.

Салтанатты кештің аяқталуына қарай слетке қатысушыларына «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар Спорт федерациясы» БҚ-да Спорт Федерациясының бастығы Д.Т.Данаев ҚР ұлттық құраманың және гарнизонның спорттық жетістіктері туралы баяндаумен экскурсия жүргізді, сөзсөйлеу кезінде халықаралық ареналарға шығу туралы бейнеролик көрсетілді.

Астана қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Кадр жұмысы бөлімі


 
Система Orphus