Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Сарыарқа» ауданының оқушыларының қатысуымен «Жас құтқарушы» жарыстары өтті

«Сарыарқа» ауданының оқушыларының қатысуымен «Жас құтқарушы» жарыстары өтті

PDF Баспаға жіберу
05.05.2018 03:58

Ағымдағы жылдың 4 мамырда  өскелең ұрпақтың бойында азаматтық міндетті арттыру, белгілі бір төтенше жағдайларда,  өрт, апаттар кезінде жедел әрекет етулерін нақыштау мақсатында Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ «Құтқарушы» спорт кешенінде Сарыарқа ауданы ТЖ басқармасы жас құтқарушы жасағының арасында өрт-құтқару спорты бойынша іріктеу жарыстарын өткізді.

4 түрлі өрт-құтқару спорты бойынша жарыс енгізілді: өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін кию, арнайы баспалдақпен екінші қабатқа міну, 100 метрлік кедергілері бар жолдардан өту және медициналық конкурс. Барлық нормативтерді белгіленген уақытты ұстану ғана емес, тапсырмаларды дұрыс орындау маңызды болды.

Жарыстарға аудан мектептерінің 5 тобы қатысты. Іс-шараның қорытындылары бойынша бірінші орынды № 15 лицей-мектеп құрамасы қанжығасына байлады.  Құрметті екінші орынды № 65 орта мектеп оқушылары көрінді. Ал № 18 орта мектеп  құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Спорт жарыстарының қорытындылары бойынша барлық жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жүлделі орындар алған құрамалары «Сарыарқа» ауданының атынан қалалық жарыстарда сынға түседі.

УЧС района «Сарыарка»

ДЧС города Астана


 
Система Orphus