Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құтқарушыға алғыс хат берілді

Құтқарушыға алғыс хат берілді

PDF Баспаға жіберу
11.05.2018 12:21

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық  қорғау полковнигі Барат Дұзақбаев суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны үшін Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Данай Жалғасқа алғыс хат берді.Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде өзенді бақылап тұрған сәтте құтқарушы қарама-қарсы жақтан суға батып бара жатқан баланы байқап қалады. Дереу шақыру жарияланды.

Бөлімше басшысы А.Сәрсембаевтың басшылығымен кезекші бөлімше жедел көлікпен шықты, ал құтқарушы Жалғас Данай өзен арқылы жүгіре отырып баланы құтқаруға ұмтылды, жүгіріп келе жатып оны «үлгеру керек» деген бір ғана ой мазалады. Осы уақыт аралығында ол өзін ұзақ жүгіріп келе жатқандай сезінді, алайда 2 минутта ол оқиға орнына келіп жетті. Суға батып бара жатқан кішкентай бала екен, айналада ешкім жоқ. Бала тұншығып жатыр, бір минут кешіккенде қайғылы оқиғаға душар болатын еді. Ойлануға уақыт жоқ. Жалғас бар киім-кешегімен суға секіріп түсіп, баланы алып сол сәтте келіп жеткен құтқарушылар Н.Додай, Р.Исмаилов және А.Сәрсембаевқа тапсырды. Ол 2 жасар ұл бала екен. Құтқарушылар дереу баланы жақын маңдағы фитнес клубқа апарып, тез арада су киімін шешіп, құрғақ киіммен орап, алғашқы жедел көмек көрсетті.

Бұл соңы жақсы аяқталған жағдайлардың бірі, дегенмен мұндай сәттерде секундтардың өзі барлығын шешеді, кез келген кедергі қайтымсыз салдарға әкеліп соғуы мүмкін. Осындай жағдайлар қайталанбайды деген ойдамыз. Өйткені адам өмірінен, әсіресе бала өмірінен бағалы ешнәрсе жоқ!


Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus