Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Суға шомылу маусымы қарсаңындағы қауіпсіздік туралы

Суға шомылу маусымы қарсаңындағы қауіпсіздік туралы

PDF Баспаға жіберу
15.05.2018 16:42

Жазғы демалыс – бұл ерекше мезгіл: күн, ауа, су – біздің денсаулығымызға жақсы пайда әкеледі, жанымыз рахаттанады және қуаныш сыйлайды. Жаздың ең бір рахаты ашық су қоймаларында  суға шомылу. Жаз тек суға шомылатын уақыт емес, жазғы каникул уақыты.

Суға шомылу маусымы қарсаңындағы қауіпсіздік шаралары профилактикасы аясында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызмектерлері су қоймаларында адамдардың  әсіресе балалардың қазасы мен жарақат алуына жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар қатарын  тұрақты түрде жүргізеді.

Департамент жыл басынан бері әртүрлі санаттағы қала тұрғындарымен, сондай ақ мектеп мұғалімдері мен оқушыларымен интерактивті сабақтар және кездесулер өткізеді. Кездесу барысында оқушыларға су қоймаларында қауіпсіздіктің негізгі ережелері, судағы қауіпсіздік мінез-құлқы, суға батып бара жатқан адамды құтқару және бірінші медициналық көмек көрсету мәселесі туралы айтылады, сонымен қатар бейнероликтер көрсетіледі. Бүгінгі таңда 47 мектепте 5081 адамды қамти отырып интерактивті сабақтар, сондай-ақ 84 мектепте 8000 адамды қамтыған көшпелі сабақтар өткізілді.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті алдағы суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды ескертеді, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау судаға жазатайым оқиғаларға ұшыратуы мүмкін! Әркімнің қауіпсіздігі ең бірінші өзіңізге байланысты

Астана қаласы ТЖД  баспасөз қызметі


 
Система Orphus