Ақтокөліктің өрттенуі бойынша Астана ҚАЛАСЫНЫҢ Төтенше жағдайлар департаменті Ресми сайты
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақтокөліктің өрттенуі бойынша

Ақтокөліктің өрттенуі бойынша

PDF Баспаға жіберу
16.05.2018 12:30

Бүгін сағат 08.00 минутта «101» пультіне Сатпаев к., 20 мекенжайы бойынша қоқыс контейнерлері жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. № 10 Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келгенде, қоқыс контейнерлердің және жақын тұрған автокөліктің өртеніп жатқаны анықталды. Кейінен өрт жанында тұрған екінші автокөлікке таралды.

№10 Өрт сөндіру қызметкерлердің үйлесімді іс-әрекет жасау арқасында өрт 8 минут ішінде жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Барлығы өрт сөндіру барысында жеке құрамның 7 адамы және 2 бірлік техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары Астана қаласы ТЖД Сіздерден жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін ұқыпты және абай болуыңызды, сонымен қатар автокөлік иелерінің аула аумағына қатысты тұраққа автокөлікті қою ережесін сақтауды сұрайды.


Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus