Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған құрмет аллеясы тағы бір көшетпен толықты

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған құрмет аллеясы тағы бір көшетпен толықты

PDF Баспаға жіберу
17.05.2018 05:57

16 мамырда Ұлы Жеңіс күнінің құрметіне №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағындағы  Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған құрмет аллеясы ҰОС ардагері Бакишев Тұқпаттың құрметіне атаулы тағы бір көшетпен толықты. Бакишев Тұқпат 1925 жылы 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Севастополь қаласы үшін болған ұрысқа қатысқан. Прибалтиканы, Белоруссияны жаудан азат етті, Берлинге дейін жеткен. 1944 жылдың 2 ақпанында Керчь қаласы үшін ұрыста жараланады. 21-гвардиялық артиллериялық Севастополь полкінің аға телефоншысы қызметін атқарған. 1944 жылы 16 ақпанда Шығыс Пруссия Шестокен елді мекені үшін ұрыста Бакишев Тұқпат аға телефоншы қызметін атқарды, тәулік бойы ұрыс алаңындағы жаяу әскерлермен және дивизион командирімен үздіксіз байланыс орнатты. Қарсыластың күшті от-жалынына қарамастан, өз өмірін құрбан ете отырып, Бакишев Тұқпат ұрыстың бір күнінде 48 телефон сымының үзілуін қалпына келтірген.


Неміс басқыншыларына қарсы ұрыста көрсеткен ержүректілігі мен батылдығы үшін Бакишев Тұқпат Қызыл жұлдыз орденімен және 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және үкіметтік марапат - 3-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары М.Аманбаев, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің бастығы Т.Жұмабаев, Төтенше жағдайлар комитеті және Департамент ардагерлер кеңесі, бөлімнің жеке құрамы қатысуымен Ұлы Отан соғысы ардагері Бакишев Тұқпаттың немересі атасының құрметіне көшет отырғызды.

ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған құрмет аллеясы бейбітшілік, бірлік және өркендеу символы. Сонымен қатар ардагерлерге Ұлы Отан соғысында соғыс ауыртпалығына қарсы тұрғандары, шекарамызды сақтап қалғаны үшін, әділдік үшін шайқаста жаудың жеңуіне мүмкіндік бермегендері үшін алғыс білдіру нышаны.


Астана қаласы ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы



 
Система Orphus