Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Есіл ауданының ТЖБ қызметкерлері квест-ойынын өткізді

Есіл ауданының ТЖБ қызметкерлері квест-ойынын өткізді

PDF Баспаға жіберу
16.05.2018 12:50

«Есіл» ауданының төтенше жағдайлар басқармасының «Керуен» ОСО № 45 орта мектептің 3-4 сынып оқушыларымен квест-ойынын өткізді. Квест-ойын 5 кезеңнен тұрды, атап айтқанда: тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, сіріңке балаларға ойыншық емес, су айдындарында шомылу кезіндегі қауіпсіздік, алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану, балалардың жазғы мезгілде ойын алаңдарындағы қауіпсіздігі.

Сонымен бірге өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию, өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану көрсетілді. Қазылар алқасының құрамында «Есіл» ауданының төтенше жағдайлар басқармасының инспекторлары мен № 45 мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушілері болды. Кезеңдерден кейін олар «балалар – өмірдің гүлі!» тақырыбында флешмоб орындады. Іс-шара аяқталысымен жеңімпаздар «Жас өрт сөндіруші» төсбелгілерімен, мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Астана қаласы ТЖД Есіл ауданы ТЖБ



 
Система Orphus