Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық Департамент ШДҚЖЖ құралымымен кезекті жаттығу өтті

Елордалық Департамент ШДҚЖЖ құралымымен кезекті жаттығу өтті

PDF Баспаға жіберу
18.05.2018 12:37

17 мамырда елордалық Департамент қызметкерлері  «Астана - АЭК» АҚ және «Астанаэнергосервис» АҚ бірлесе Астана қаласының шұғыл ден қою жиынтық жасағын (ШДҚЖЖ) тарта отырып, шаруашылық объектілерінде жаттығу жоспарына сәйкес Индустриалдық саябағы ауданында «АЖЭО-2 – Степная» ӘЖ-110 кВ объектісінде электр жабдықтарының  авариясын жою бойынша бөлек жаттығу өткізді. 

Жаттығуды өткізу барысында қаланың коммуналдық және жедел қызметінің құлақтандырылуына, технологиялық бұзушылық  пен аварияны жою және электр желілері бойынша авариялық-техникалық бөлімінің оқиға орнына жедел келу уақытына құлақтандыру сызбасына сәйкес диспетчер тексеру жүргізді.


Жаттығуға «Астана - АЭК» АҚ-нан 2 бірлік техника және авариялық буыннан 8 адам жұмылдырылды.

Осындай жаттығулар қала аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюда ШДҚЖЖ құралымдарының кәсібилігін және дайындық дәрежесін арттыру мақсатында өткізіледі.

Астана қаласы ТЖД ТЖЖБ