Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік туралы

Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік туралы

PDF Баспаға жіберу
22.05.2018 15:19

Ағымдағы жылдың 18 мамырында елордалық Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасы мамандарымен бірлесе елорда мектептерінің оқушыларына «Қауіпсіз демалыс» акциясы аясында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбы бойынша интерактивті сабақ өткізді. Интерактивті сабаққа 84 мектептен жалпы саны 5200 оқушы қатысты.

Мамандар жазғы демалыс кезінде балаларды сақтық шараларын сақтауға шақырды, өрт кезінде өзін-өзі ұстау, электрқұралдарын қауіпсіз пайдалану, судағы өзін-өзі ұстау ережелері туралы сөз қозғады, сонымен қатар қатысушылар алдында зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетудің іс-әрекеттері көрсетілді.


Сондай-ақ жазғы кезеңде орын алатын оқиғалардың алдын алу мақсатында қаланың барлық мектептеріне түрлі тақырыптар бойынша жаднамалар мен кітапшалар таратылды.

Аталған іс-шаралар жазғы маусымда орын алатын оқиғаларға жол бермеуге және балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтауына өз үлесін қосады деп сенеміз.


Астана қаласы ТЖД ТЖАБ


 
Система Orphus