Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
24.05.2018 08:47

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті  «Қазгидромет» РММ мәліметі бойынша 24 мамырда Астана қаласында күн бұлтты, жауын, найзағай күтілуде. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні  15- 20 м/с болады деп күтілуде. Түнде температура 1-3 градус  және 2 градусқа дейін қатқақ болуы ықтимал, күндіз 19-21 градус жылы. Ауа-райының суығына байланысты тұрғындар жылыту құралдарын жиі қолданады, осыған байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар  департаменті  жылыту құралдарын қолдану кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді:


- электро сымдары мен  электро құралдары қолдану кезінде өрт қауіпсіздік шаралын сақтау;

-         қолдан жасалған жылыту құралдарын қолдануға , жылыту құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды;

-         жылыту құралдарын түнгі уақытта қосулы қалдырмауға,  оларға заттарды кептіруге болмайды;

-         электровилкалар мен розеткаларының қызып кетуі электро құралдар  мен жүйенің артық салмақ түсуінің белгісі болып табылады.

-         балалардың жылыту құралдарымен ойнауын болдырмаңыздар;

-         құралдарды жиһаздар мен перделерден алшақ жерге қойған жөн.

-         пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет

Өрт болған кезде «101» телефон нөміріне хабарласыңыздар!


Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus