Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
25.05.2018 12:27

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 26-27 мамырда күндіз   найзағай күтіледі, бұршақ болуы мүмкін онтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, 15-20 м/с, күндіз 26-27 мамырда екпіні 25 м/с.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді:

Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда:

- мүмкіндігінше  ауа-райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан,   сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

-пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; Найзағай мен қатты нөсер жолдың көруіне кедергі болып, найзағай жүргізушіге әсер етіп жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.

- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;

-  орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағай болуы мүмкін.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus