Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
28.05.2018 15:07

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 25 мамырдан 31 мамырға дейін кей жерлерде жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

29.05: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с., күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +19+21°С болады.

30.05: көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9-14 м/с.  Ауаның температурасы түнде +3+5°С, күндіз +11+13°С болады.

31.05: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с., күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.  Ауаның температурасы түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С болады.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын ескертеді:

Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда:

- мүмкіндігінше  ауа-райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

-пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- автокөлікті жүргізіп бара жатсаңыз, тұраққа барып тоқтауға тырысыңыз. Найзағай мен қатты нөсер жолдың көруіне кедергі болып, найзағай жүргізушіге әсер етіп жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.

- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;

-  орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағай болуы мүмкін.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus