Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күні

PDF Баспаға жіберу
06.06.2018 16:06

1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекесі құрметіне Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің  акт залында салтанатты жиын өтті.  «Ту, елтаңба  және әнұран – тәуелсіздіктің айғағы» тақырыбында баяндама оқылды және бейнеролик көрсетілді. 

Іс-шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды. Бейнероликте мемлекеттік рәміздердің мәртебесі және олардың ғимараттарда орналастырылуы туралы қысқаша сюжет көрсетілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілді оқыту курсына белсене қатысқан қызметкерлерге (А.Иманбеков, С.Раимбеков, А.Секерова, Б.Мұхтарова) алғыс хат берілді. Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі С.Қуанышбаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді»,- деген сөздерімен қорытындылады.

 2


Астана қаласының ТЖД

«ӨС және АҚЖҚ» ММ

мемлекеттік тіл және

ақпарат тобының инспекторы

Г.Ахметжанова


 
Система Orphus